Іс-шара туралы

Сізді жетекші жеке капитал қорлары мен активтерді басқарушы компанияларын, институционалдық және жеке инвесторларды, бизнес көшбасшыларын және инвестициялық нарықтың негізгі қатысушыларын біріктіретін жыл сайынғы жабық кездесуге шақырамыз. Қатысушылардың жоғары деңгейі мен құрамын сақтай отырып, Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 диалогты жаңа деңгейге шығарады — жергілікті инвестициялық потенциалданбастап, нақты шешімдерді, серіктестіктерді және капиталды орналастыру стратегияларын қалыптастыруға дейін талқыланады. Күн тәртібінің өзегінде Орталық Азияны инвестициялық бағыт ретінде дамыту және Қазақстанды өңірдің тірек нарығы ретінде орнықтыру, сондай-ақ әл-ауқатты басқарудың практикалық тәсілдері мен заманауи инвестициялық құралдар мәселелері тұр. Іс-шара аясында алғаш рет цифрлық активтерге ерекше назар аударылады — оның ішінде нарық инфрақұрылымы, кастоди мәселелері және олардың институционалдық портфельдердегі рөлі қарастырылады, бұл жаһандық инвестициялық индустрияның трансформациясын көрсетеді.

img
img
img
img
img
img
img
img
img
img
img
img
img

 

Қатысушылар өзара инвестициялық қызығушылық негізінде арнайы түрде қалыптастырылатын жеке кездесулерге (1:1) қол жеткізеді — бұл диалогтың жоғары деңгейдегі өзектілігін қамтамасыз етіп, инвестициялық шешімдер қабылдауға және берік серіктестікті қалыптастыруға бағытталған.

Спикерлер
Бағдарлама

5 мамыр
6 мамыр
Бағдарламаны жүктеуicon
9:30-10:30
Қатысушыларды Тіркеу
10:30-10:45
Шараның Салтанатты Ашылуы
Биртанов Е.А.– Директорлар кеңесінің төрағасы, Tansar Capital АҚ
 
10:45-11:00
Кіріспе Сөз
Әлібек Қуантыров – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
 
11:00-11:15
Мемлекеттік Көзқарас: Сауда Дәліздері және Логистикалық Инфрақұрылым
Әсет Нүсіпов – Қазақстан Республикасы Сауда және Интеграция Вице-министрі
11:15-11:45
Кофе-брейк
11:45-12:30
Сараптамалық Сессия:
Орталық Азиядағы инвестициялық экожүйені дамытудағы жеке капиталдың рөлі

Тимур Акажанов – Бас серіктесі, B Capital
Робин Батлер, CFA – Серіктесі, Sturgeon Capital
Габбас Ержанов - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма Төрағасының инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасары
Марсия Элизабет Кристиан Фавале - Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор, QIC
Модератор: Роджер Холланд - Президент, Scot Holland
12:30-13:30
Түскі Үзіліс
13:30-14:10
Сараптамалық Сессия:
Орталық Азия: Жаһандық Құбылмалылық Жағдайындағы Орнықтылық

Пол Фарли, Аға кеңесші, WestExec Advisors
Хан Илхан,  Басқарушы директоры, Catalis Strategies
Модератор: Влад Паддак, Ғылыми қызметкер, Nightingale International және Аға талдаушы, AKE International
14:10-14:50
Сараптамалық Сессия:
Дамушы Нарықтардағы Активтерді Токенизациялау

Тони Ашраф — Басқарушы директор, цифрлық активтер трансформациясы бойынша жетекші, BlackRock
Жаленов Б.М. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Мұхамеджанов А.Н. –Басқарма төрағасы, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE)
Модератор: Мусатаев А.А. – Басқарма төрағасының орынбасары, Tansar Capital АҚ
14:50-15:20
Кофе-Брейк
15:20-15:40
Қазақстанның Капитал Нарығын Реформалау: Тұрақтылықтан Ауқымды Даму Кезеңіне

Турсунханов Н. А. – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары
15:40-15:50
Қорытынды Рәсім
15:50-16:20
Жеке Кездесулер
16:30-19:30
Кешкі Ас

 

 

9:00-10:00
Қатысушыларды Тіркеу
10:00-10:15
Шараның Салтанатты Ашылуы
Биртанов Е.А.– Бас директоры, Tansar Group
 
10:15-10:45
Tansar: Болашақ Өсуге Арналған Платформаны Қалыптастыру
Мусатаев А. А. — Басқарма төрағасының орынбасары, Tansar Capital
10:45-11:15
Жаһандық Жеке Нарықтар: Инвестициялау Стратегиялары
Видит Джайн, CFA
Вице-президент
Даниэль Шоневельд
Клиенттік шешімдерін басқару бөлімінің серіктесі
Hamilton Lane
11:15-11:45
Жаһандық Макроэкономикалық Үрдістер мен Перспективалар
Башак Эдизгиль — Ассоциат, Жаһандық инвестициялық зерттеулер, CEEMEA өңірінің экономикасы, Goldman Sachs
11:45-12:15
Кофе-брейк
12:15-12:45
Цифрлық Активтер
Тони Ашраф — Басқарушы директор, цифрлық активтер трансформациясы бойынша жетекші, BlackRock
12:45-14:00
Түскі Үзіліс
14:00-14:30
Цифрлық Активтер: Кастодиалдық Инфрақұрылым
Абель Сео, Азиат-Тынық мұхиты (APAC) өңірі бойынша аймақтық басшысы, BitGo
14:30-15:00
Цифрлық Активтерді Реттеу және Сәйкестік: Тәсілдердің Жетілуі
Дермот Мэйс – Бас директоры (БАӘ), Klickl
15:00-15:30
Инвестициялық Қызметте Жасанды Интеллектті Қолдану
Асыл Ахмет – Altbridge Inc. компаниясының өнім жөніндегі бас директоры
15:30-15:40
Қорытынды Рәсім
15:40-16:40
Жеке Кездесулер

 

 

Біз туралы

2025 жылы Tansar Capital өз қызмет аясын кеңейтіп, МФЦА юрисдикциясында TG Global атты еншілес компаниясын құрды.
Бұл қадам халықаралық бизнесті дамытуға, өнімдер желісін кеңейтуге және жергілікті реттеу шеңберінен тыс жаһандық серіктестік мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған стратегиялық шешім болып табылады

 

TANSAR ТУРАЛЫ НЕГIЗГI ДЕРЕКТЕР

$234+ млн
Басқарудағы активтердің көлемі
200+ жыл
Командамыздың жалпы басқарушылық тәжірибесі
30+ жыл
1995 жылдан бері табысты қызмет етіп келеміз

*01.04.2026 жылы Tansar Capital және TG Global активтер жиынтығында

Asset Management Universe 2024

2024 жылы сәуір айында біздің компания Asset Management Universe конференциясын өткізіп, әлемдік инвестициялық қоғамдастықтың көрнекті өкілдерін – инвесторларды, салалық көшбасшыларды және жетекші қаржы сарапшыларын бір алаңда біріктірді. Іс-шара аясында терең аналитикалық пікірталастар, жоғары деңгейдегі нетворкинг және болашаққа бағытталған инвестициялық стратегиялар ұсынылып, салада жаңа стандарттар қалыптасты. Бұл конференция активтерді басқару саласының дамуына серпін беріп, оның болашағына айқын бағдар жасады.

Investors Annual Meeting 2025

2025 жылғы 23 сәуірде Алматы қаласында Tansar Capital компаниясы Investors Annual Meeting 2025 инвестициялық іс-шарасын өткізіп, әлемдік инвестициялық индустрияның көшбасшыларын бір алаңға жинады. Конференция барысында ұзақ мерзімді капитал өсімі стратегиялары, портфельдік басқарудағы инновациялар және инвестицияның жаңа бағыттары, соның ішінде Орталық Азия өңірінің инвестициялық әлеуеті талқыланды. Өткен іс-шараның атмосферасына еніп, басты сәттерден құралған қысқаша бейнебаянды тамашалаңыз.

Осы жылдың басты инвестициялық шарасының бір бөлігі болыңыз – қазір тіркеліңіз!



Іс-шара шектеулі сандағы шақырылған қонақтар үшін жабық форматта ұйымдастырылған

Байланыс

Сұрақтар туындаған жағдайда мына байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз

"Tansar Capital" АҚ
Мекен-жай: Алматы қ., «SWISSÔTEL ALMATY» қонақ үйі
Техникалық қолдау
дс-жм 9:00-18:00